№3 емханада "Ана мектебі" ҚҚ ұйымдастыруымен «Қатерлі ісікке бірге қарсы тұрамыз» атты семинар өтті.
Алматы қаласының Қоғамдық денсаулық сақтау басқармасының тапсырысы бойынша "Ана мектебі" ҚҚ ұйымдастыруымен салауатты өмір салтын насихаттау жөніндегі мемлекеттік әлеуметтік қызмет аясында №3 емханада «Қатерлі ісікке бірге қарсы тұрамыз» атты семинар жүргізілді.

Іс-шараның мақсаты: Онкологиялық аурулардың профилактикасы және оларды ерте диагностикалаудың рөлін түсіндіру

Мазмұны: Семинар барысында онкологиялық аурулардың сипаттамасы, тәуекел факторлар, оларды ерте диагностикалауда скринингтың рөлі, қатерлі ісіктердің алдын алуда салауатты өмір салтының қағидалары талқыланды. Іс-шара кері байланыс форматында өтіп, қатысушылар өздерін қызықтырған сұрақтарға жауап алды

Алматы қаласы Қоғамдық денсаулық сақтау басқармасы тапсырысымен.
03.07.26
Бізбен хабарласыңыз:
anamektebi29@gmail.com
Қазақстан Республикасы, Астана қаласы, Сырымбет 6
Made on
Tilda