«Дені сау дәрігер – дені сау пациент»
"Ана мектебі" ҚҚ ұйымдастыруымен №21 емханада медицина қызметкерлерінің денсаулығын нығайтуға және салауатты өмір салтын насихаттауға бағытталған «Дені сау дәрігер – дені сау пациент» тақырыбында іс-шара өтті.
Кездесу барысында дәрігердің өз денсаулығына жауапкершілікпен қарауы, дұрыс тамақтану, тұрақты дене белсенділігі, эмоционалдық саулықты сақтау және кәсіби күйзелістің алдын алу мәселелері талқыланды.
Өз денсаулығына көңіл бөлетін дәрігер – пациентке үлгі бола алады. Себебі сапалы медициналық көмектің негізі – дені сау, сергек әрі кәсіби маман.
Денсаулық – әрқайсымыздың ең басты құндылығымыз. Өзімізге қамқорлық жасау арқылы қоғамның денсаулығын бірге нығайтамыз!