"Ана мектебі" ҚҚ ұйымдастыруымен №8 емханада «Біз вакцинаға – ИӘ дейміз!» тақырыбында лекция өтті
№8 емханада тұрғындар арасында иммунопрофилактиканың маңыздылығын арттыру мақсатында «Біз вакцинаға – ИӘ дейміз!» тақырыбында ақпараттық-танымдық лекция ұйымдастырылды.

Кездесу барысында мамандар вакцинацияның жұқпалы аурулардың алдын алудағы тиімділігі, ұжымдық иммунитетті қалыптастырудағы рөлі және екпеге қатысты жиі қойылатын сұрақтарға ғылыми негізделген жауаптар берді.

Вакцина – өз денсаулығыңызды және жақындарыңызды қорғаудың сенімді жолы. Денсаулыққа жауапкершілікпен қарап, уақытылы екпе алып, салауатты қоғам қалыптастыруға бірге үлес қосайық!

Деніңіз сау, болашағыңыз жарқын болсын!

Алматы қаласы Қоғамдық денсаулық сақтау басқармасы тапсырысымен.
01.07.26
Бізбен хабарласыңыз:
anamektebi29@gmail.com
Қазақстан Республикасы, Астана қаласы, Сырымбет 6
Made on
Tilda