Семинар барысында бронх демікпесінің алдын алу, ауруды ерте анықтау, тиімді емдеу тәсілдері және пациенттерге сапалы кеңес беру мәселелері талқыланды. Мамандар заманауи клиникалық ұсынымдармен танысып, тәжірибелік білімдерін толықтырды.
Мұндай оқыту шаралары медицина қызметкерлерінің кәсіби біліктілігін арттырып, бронх демікпесімен өмір сүретін пациенттерге көрсетілетін көмектің сапасын жақсартуға бағытталған.
Денсаулық - басты құндылық. Бірге «Астмасыз өмірге» қадам жасайық!