С. Д. Асфендияров атындағы Қазақ ұлттық медицина университетінде "Ана мектебі" қоғамдық қорының ұйымдастыруымен "Қозғалыс – өмір негізі!" тақырыбында танымдық-ақпараттық іс-шара өткізілді.
Кездесудің басты мақсаты – дене белсенділігінің адам денсаулығына тигізетін пайдасын түсіндіру, салауатты өмір салтын насихаттау және күнделікті қозғалыс мәдениетін қалыптастыру.
Қозғалыс – адам ағзасының саулығы мен өмір сапасын жақсартудың маңызды факторы. Тұрақты дене белсенділігі жүрек-қан тамырлары жүйесін нығайтуға, бұлшықеттердің жұмысын жақсартуға, артық салмақтың алдын алуға, күйзеліс деңгейін төмендетуге және көңіл күйді көтеруге ықпал етеді.