«Ана мектебі»: жасөспірімдермен салауатты
өмір салты туралы сұхбат өтті
№224 мектептің 9-сынып оқушылары арасында "Ана мектебі" қоғамдық қорының ұйымдастыруымен "Денсаулық жолы" тақырыбында ақпараттық-профилактикалық іс-шара өткізілді.

Қазіргі таңда жастардың денсаулығын сақтау, салауатты өмір салтын насихаттау және өмірлік маңызды дағдыларды қалыптастыру өзекті мәселелердің бірі болып отыр. Іс-шара барысында оқушылар денсаулыққа әсер ететін негізгі факторлар, алдын алу шаралары, зиянды әдеттердің салдары, физикалық белсенділік пен дұрыс тамақтанудың маңыздылығы жөнінде танымдық ақпарат алды.

Жасөспірімдерге денсаулықты сақтау – өз болашағына деген жауапкершіліктің көрінісі екені түсіндірілді. Саналы шешім қабылдау, өзіне қамқорлық жасау, эмоциялық тепе-теңдікті сақтау және қауіпсіз өмір салтын ұстану тұлғалық дамудың маңызды бөлігі.


Алматы қаласы Қоғамдық денсаулық сақтау басқармасы тапсырысымен.
10.11.26
Бізбен хабарласыңыз:
anamektebi29@gmail.com
Қазақстан Республикасы, Астана қаласы, Сырымбет 6
Made on
Tilda