№224 мектептің 4-сынып оқушылары арасында "Ана мектебі" қоғамдық қорының ұйымдастыруымен "Денсаулық жолы тақырыбында танымдық-ақпараттық іс-шара өткізілді.
Іс-шара барысында оқушылар денсаулықты сақтаудың қарапайым әрі маңызды қағидаларымен танысты. Дұрыс тамақтану, таза ауада серуендеу, дене жаттығуларын орындау, жеке гигиенаны сақтау және уақытылы демалудың адам ағзасына тигізетін пайдасы туралы түсініктері кеңейтілді.
Балалар денсаулықтың бір күнде қалыптаспайтынын, оның күнделікті пайдалы әдеттер мен дұрыс таңдаудан басталатынын ұғынды.