Денсаулық – басты байлық: 8-сынып оқушыларымен жүздесу
№224 мектептің 8-сынып оқушылары арасында "Ана мектебі" қоғамдық қорының ұйымдастыруымен "Дені сау болу сәнді" атты ақпараттық кездесу ұйымдастырылды.

Іс-шараның басты мақсаты – жасөспірімдердің денсаулық мәдениетін арттыру, салауатты өмір салтына деген қызығушылығын қалыптастыру және өз денсаулығына саналы түрде жауапкершілікпен қарауға ықпал ету.

Оқушылар денсаулықты сақтаудың негізгі қағидалары, физикалық белсенділіктің маңызы, дұрыс тамақтану, эмоционалдық саулық және зиянды әдеттердің адам өміріне тигізетін кері әсері туралы мағлұмат алды.


Алматы қаласы Қоғамдық денсаулық сақтау басқармасы тапсырысымен.
10.11.26
Бізбен хабарласыңыз:
anamektebi29@gmail.com
Қазақстан Республикасы, Астана қаласы, Сырымбет 6
Made on
Tilda