№224 мектептің 3-сынып оқушылары арасында "Ана мектебі" қоғамдық қорының ұйымдастыруымен «Дені сау боу сәнді» тақырыбында танымдық іс-шара өткізілді.
Кездесу барысында оқушылар денсаулықтың адам өміріндегі маңызы туралы түсініктерін кеңейтіп, салауатты өмір салтын ұстанудың негізгі қағидаларымен танысты. Балалар дұрыс тамақтану, дене белсенділігі, жеке гигиена және күн тәртібін сақтаудың маңыздылығы жөнінде өз ойларымен бөлісті. Балалар арасында сұрақ-жауаптао болды.
Денсаулықты күту – бала кезден қалыптасатын маңызды әдет. Күнделікті қозғалыс, пайдалы тағам және жақсы көңіл күй – дені сау ұрпақтың негізі.