Саналы тамақтану – сапалы өмір мен
жарқын болашақтың таңдауы!
"Ана мектебі" ҚҚ ұйымдастыруымен №224 мектептің 10–сынып оқушыларына "Дұрыс тамақтану – үздік білімге бастар жол!" тақырыбында керемет, танымдық ақпараттық-профилактикалық жұмыс жүргізілді.

Жоғары сынып оқушыларының назарын дұрыс тамақтанудың физикалық және интеллектуалдық қабілетке, есте сақтау мен зейін қоюға әсеріне аудару мақсатында пайдалы ақпарат ұсынылды.

Кездесу барысында теңгерімді тамақтану, тағам сапасы, калория мен тағамдық құндылық, фастфуд пен энергетикалық сусындарды шамадан тыс тұтынудың ықтимал зияны талқыланды.


Алматы қаласы Қоғамдық денсаулық сақтау басқармасы тапсырысымен.
10.11.26
Бізбен хабарласыңыз:
anamektebi29@gmail.com
Қазақстан Республикасы, Астана қаласы, Сырымбет 6
Made on
Tilda